Киевте қаза тапқандар саны 18-ге жетті

Жараланған 29 адамның  15-і - балалар.

1934542
Киевте қаза тапқандар саны 18-ге жетті

Украина астанасы Киев маңында тікұшақтың құлауы салдарынан 18 адам, оның ішінде Ішкі істер министрі Денис Монастирский мен оның көмекшісі қаза тапты.

Киев облысының губернаторы Алексей Кулеба оқиғада қаза тапқандар санының 18-ге жеткенін білдірді.  Оның айтуынша жараланған 29 адамның  15-і - балалар.

Украина полициясының басшысы Игорь Клименко апатқа ұшыраған тікұшақта Монастирский мен оның орынбасары Евгений Йеннің қаза тапқанын атап өтті.

Украина баспасөзіндегі хабарда тікұшақтың балабақша маңында құлап, аймақта өрт шыққаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар