Арестович отставкаға кетті

Ол Днепр тұрғындары мен Украина халқынан кешірім сұрады.

1933925
Арестович отставкаға кетті

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович "зымыран Днепрдегі ғимаратқа тиюі украин әуе қорғаныс күштерінің кінәсінен болуы мүмкін" деген сөзіне байланысты қызметінен кеткенін хабарлады.

Ол «Telegram» аккаунтынан "Мен отставкаға кететінімді жаздым. Өркениетті қимыл үлгісін көрсеткім келеді. Үлкен қателік отставкаға кетуді талап етеді" деп жазды. Арестович сонымен қатар Днепр тұрғындары мен Украина халқынан кешірім сұрады.

14 қаңтарда Днепр қаласындағы 9 қабатты үйге зымыран түсіп, 40-тан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын. Украина шабуылды Ресей армиясы ұйымдастырды деп жарияласа, Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарған еді.

Арестович өзі қатысқан бағдарламада зымыранның Днепрдегі көпқабатты үйге тиюі украиндық әуе қорғаныс жүйесіндегі ақаудан болуы мүмкін деген қорытынды жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар