Абэнің қандықолы адам өлтіру қылмысымен айыпталды

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Абэ Синдзоның қандықолы делінген күдіктіні адам өлтіру қылмысымен айыпталды.

1932327
Абэнің қандықолы адам өлтіру қылмысымен айыпталды

Жапонияның прокуратурасы қастандықпен өлтірілген бұрынғы премьер-министр Абэ Синдзоның қандықолы делінген күдіктіні адам өлтіру қылмысымен айыптады.

2012-2020 жылдардағы міндетімен «ең ұзақ қызмет еткен Жапония премьер-министрі» атанған Абэ Синдзоның шілде айында Нара қаласында қастандықпен өлтірілуінің жаңғыры жалғасуда.

Психиатриялық сараптамада қамауда ұстау мерзімі 10 қаңтарда аяқталған күдікті Ямагами Тецуяның психикалық жағдайы тұрақты және сот алдында жауап беруге қабілетті екені анықталды.

Нара Аймақтық прокуратурасы дайындаған айыптау қорытындысында 42 жастағы Ямагамиге «кісі өлтіру және Атыс қаруы туралы заңды бұзды» деген айып тағылды.

Сондай-ақ ұлттық баспасөзде күдіктіге «Қару өндірді, Жарылғыш заттарды бақылау туралы заңды бұзды және ғимараттарға зиян келтірді» деген айып тағылуы мүмкін екені хабарланды.

Абэ 8 шілдеде партиясының сайлау науқанын қолдап, ашық аспан астындағы іс-шарада сөз сөйлеген кезде кеудесіне оқ тиген болатын.

Ауыр жарақатпен жеткізілген ауруханада қайтыс болған Абэ үшін сол айда баспасөзге жабық  және қыркүйек айында ресми мемлекеттік жерлеу рәсімі өткізілген.

Шабуыл кезінде қолдан жасаған қаруы және үйінде сақталған ұқсас қарулары тәркіленген қастандық күдіктісі Ямагами қамауға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар