Ресей мен Украина омбудсмендері Түркияда кездеседі

Москалькова журналистерге 12-14 қаңтар күндері Түркияға баратынын айтты.

1930270
Ресей мен Украина омбудсмендері Түркияда кездеседі

Ресей мен Украина омбудсмендері 12-14 қаңтарда Түркияда кездесуді жоспарлап отыр.

Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова ел астанасы Мәскеуде журналистерге 12-14 қаңтар күндері Түркияға баратынын айтты. Москалькова Түркияда өтетін форумға әртүрлі елдерден көптеген омбудсмендердің келетінін білдірді.

«(Украина тарапымен кездесу) Біз осындай кездесуді жоспарлап отырмыз. Осы кездесудің өткізілу мүмкіндігі және келіссөздеріміздің ықтимал күн тәртібін талқылап жатырмыз» деді ол.

Украина Парламентінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец те Ресей тарапымен Түркияда кездесу жоспарланғанын мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар