2021 жылы көп бала, жасөспірім және жастар қайтыс болды

2021 жылы әрбір 4,4 секунд сайын бала немесе жасөспірім мен жастар өлді.

1930301
2021 жылы көп бала, жасөспірім және жастар қайтыс болды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар өлімінің болжамы жөніндегі ведомствоаралық тобының соңғы есебіне сәйкес, 2021 жылы 5 миллион бала 5 жасқа дейін қайтыс болса, 2,1 миллион бала немесе 5-24 жас аралығындағы  жасөспірім мен жастар дүниеден озды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа бір рапортына қарағанда, дәл осы кезеңде 1,9 миллион нәресте өлі туылғаны анықталды және бұл шетінеудің алдын алу денсаулық сақтау жүйесіне әділ қол жеткізу және балалар денсаулығына жоғары сапалы қызметтерді ұсыну арқылы мүмкін болатын еді.

2021 жылы әрбір 4,4 секунд сайын бір бала немесе жасөспірімнің  өлгенін жариялаған БҰҰ денсаулық сақтау жүйесі жеткілікті түрде дамымаса, 2030 жылға қарай шамамен 59 миллион бала мен жасөспірімнің өлуі мүмкін екенін және 16 миллион нәрестенің шетінеп кетінін ескертті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар