Орыстар тағы шабуыл жасады

Орыс армиясының Купянск қаласына жасаған  шабуылда 1 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.

1930034
Орыстар тағы шабуыл жасады

Ресей армиясының Харьков облысы Купянск қаласына   жасалған зымырандық шабуылынан бір адам қаза тауып, 7 адам жараланды.

Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Кирило Тимошенко өзінің «Telegram» парақшасында Ресей күштерінің Шевченков қаласына жасаған шабуылында зымырандардың базарға тигенін хабарлады.

Шабуыл кезінде 60 жастағы әйелдің қаза тапқанын, 7 бейбіт тұрғынның да жараланғанын атап көрсеткен Тимошенко оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын атап өтті.

Тимошенко шабуылдың S-300 зымыран жүйесімен жасалғанын болжағандарын айтты.

Харьков облысының әскери әкімшілігінің басшысы (губернатор) Олег Сынагубов та шабуылда жараланғандар арасында 13 жасар қыздың бар екенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар