ИЫҰ кезектен тыс жиналады
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Акса мешітіндегі заң бұзушылықтардыталқылау үшін кезектен тыс жиналыс өткізеді.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) сейсенбі күні Израильдің Акса мешітіндегі заң бұзушылықтарын талқылау үшін кезектен тыс жиналыс өткізеді.
ИЫҰ-дан жасалған жазбаша мәлімдемеде Израильдің басып алынған Иерусалимдегі шиеленісті ұлғайтуына және Акса мешітіне қайта-қайта басып кіруіне байланысты кезектен тыс жиналысқа шешім қабылданғаны атап өтілді.
Осы мақсатта сейсенбі күні ИЫҰ Бас хатшылығы Атқару комитетін шақыратыны хабарланды.
Мәлімдемеде Акса мешітіне жасалған ең маңызды басқынның Израильдің әсіре оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің 3 қаңтар күнгі шабуылы екені атап көрсетілді.
Бен-Гвирдің басқынының Израильдің АКса мешітінің тарихи және құқықтық мәртебесін өзгерту әрекетінің бір бөлігі екені баса айтылды.
Ұқсас жаңалықтар

Грекияда 21 мамырда жалпы сайлау өтеді
Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис жалпы сайлаудың 21 мамырда өтетінін хабарлады.

Кения мен Сомалиде су тасқындарынан 21 адам қаза тапты
Кения мен Сомалиде нөсер жауын салдарынан су тасқындары орын алды.