АҚШ-та балалардың «құрамында марихуана бар тағамдарды» тұтыну деңгейі артты

АҚШ-та балалардың «құрамында марихуана бар тағамдарды» тұтыну деңгейі шамамен 15 есеге өсті.

1928355
АҚШ-та балалардың «құрамында марихуана бар тағамдарды» тұтыну деңгейі артты

2017-2021 жылдары АҚШ-та балалардың «құрамында марихуана бар тағамдарды» тұтыну деңгейі шамамен 15 есеге өскені анықталды.

«NPR» газетінің  баяндамасына сәйкес, сарапшылар көптеген штаттарда марихуана заңды болғаннан кейін балалардың бұл затты тұтынуын мұқият тексерді.

Зерттеу барысында 2017 жылы 5 және одан кіші 200-ге жуық баланың құрамында марихуана бар тағамдарды тұтынғаны, ал 2021 жылы бұл сан 3 мың 50-ге дейін өскені анықталды.

Мамандар марихуананың печенье, кәмпит және шоколад сияқты тағамдарда және балаларды қызықтыратын тағам өнімдерінде кездесетініне назар аударды.

2017-2021 жылдары марихуананы тамақ арқылы тұтынғаны анықталған балалардың саны шамамен 7 мыңға жеткені, бұл тұтынудың ешқайсысы өліммен аяқталмағаны, бірақ балалардың 8 пайызы реанимацияға алынғаны хабарланды.

Марихуана ішу салдарынан ауырған балаларда құсу, жүрек соғысы, депрессия және кома сияқты белгілердің байқалғаны атап өтілді.

Құрамында «марихуана» бар тағамдарға қол жеткізудің 90 пайызы үйде болады деген қорытындыға келгенімен, мамандар бұл өнімдерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауды ұсынды.

Марихуана АҚШ-тың 9 штатында 2017 жылы заңды болса, зерттеу басталған кезде бұл сан 2020 жылдың мамырында 18-ге дейін өсті.



Ұқсас жаңалықтар