Израиль Дамаск әуежайына шабуыл жасады

Израиль жергілікті уақытпен сағат 02:00 шамасында Дамаск әуежайына әуеден шабуыл жасады.

1926622
Израиль Дамаск әуежайына шабуыл жасады

Израильдің Сирияның Дамаск әуежайына жасаған әуе шабуылында  4 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Әскери дереккөзге негізделген Сирияның «SANA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Израильдің жергілікті уақытпен сағат 02:00 шамасында Дамаск әуежайына әуе шабуылы жасағаны алға тартылды.

Хабарда шабуылда 4 адамның қаза тапқаны, әуежайдың біраз уақыт қызмет етпегені және жергілікті уақытпен сағат 09:00-де қайта ашылғаны атап өтілді.

Ел астанасы Дамаск пен оның ауылдық аймақтарында режим армиясынан бөлек, Иран төңкеріс сақшылары қолбасшылығындағы лаңкестік топтар мен әсіресе Ливан Хизбуллах элементтері бар екені белгілі.

Асад режимі де Израиль күштерінің 20 желтоқсанда Дамаскіге шабуыл жасағанын алға тартқан еді.

Израиль лауазым иелері әдетте Сирия территориясына жасалған шабуылдарға қатысты түсініктеме беруден бас тартуда.

Азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бері Израиль Иран қолдайтын топтар мен Сириядағы режим әскери пункттеріне қарсы оқтын-оқтын шабуылдар жасап келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар