Грекия Түркия шекарасына 250 полиция орналастырды

Грекия Түркия шекарасындағы Мерич аймағына 250 шекара полициясын міндетке тағайындады.

1920071
Грекия Түркия шекарасына 250 полиция орналастырды

Грекия Түркия шекарасындағы Еврос (Мерич) аймағында тексеру және бақылау шараларын күшейту үшін 250 шекара полициясын тағайындайды.

Грекияның Азаматтарды қорғау министрі Такис ​​Теодорикакос парламентте 2023 жылға арналған бюджет келіссөздерінде сөйлеген сөзінде Еврос аймағында тұрақсыз мигранттардың өтуіне жол бермеу үшін салынған қоршаулардың шекара бойына ұзартылатынын, электронды бақылау жүйелері жаңартылатынын және 250 жаңа шекара полициясы орналастырылатынын айтты.

Теодорикакос министрлік ретінде басты міндеттері заңсыз өткелдердің алдын алу екенін білдірді.

Афины тұрақсыз көші-қонның алдын алу үшін Түркиямен арадағы құрлық шекарасында орнатқан болат қоршауының ұзындығын 40 шақырымға дейін созған және болат қабырғаның құрылысы 2021 жылдың тамызында аяқталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар