Жылдық баспасөз мәслихатын биыл өткізбейді

Песков «Алайда оның шетелге сапарлары да бар, журналистермен сөйлесу мүмкіндігі болады деп үміттенеміз» деді.

1918472
Жылдық баспасөз мәслихатын биыл өткізбейді

Ресей президенті Владимир Путин соңғы 10 жылдан бері үзіліссіз өткізіліп келе жатқан  жылдық баспасөз мәслихатын биыл өткізбейді.

Президенттік баспасөз қызметінің мәлімдемесінен кейін Путиннің жылдық баспасөз мәслихатына қатысты белгісіздік нақтыланды. 

Путиннің жыл сайынғы баспасөз мәслихатын осы жылдың соңына дейін өткізбейтінін білдірген баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Алайда оның шетелге сапарлары да бар, журналистермен сөйлесу мүмкіндігі болады деп үміттенеміз» деді.

Баспасөз мәслихаты егер келесі жылға шегерілсе, Путин өз әкімшілігі кезінде бұл шараны екінші рет өткізбейтін болады. Осылайша Путин соңғы 10 жылда алғаш рет жыл сайынғы баспасөз мәслихатында журналистер алдына шықпайды.

2001 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын желтоқсан айында жылдық  баспасөз мәслихатын өткізетін Путин бұл кездесуді алғаш рет 2005 жылы  өткізген жоқ.



Ұқсас жаңалықтар