О.Корея С.Кореяға ауыр санкция салды

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның ядролық қаруы мен зымырандық бағдарламаларын қолдаған 7 компания мен 8 жеке тұлғаға санкция салды.

1913928
О.Корея С.Кореяға ауыр санкция салды

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның ядролық қаруы мен зымырандық бағдарламаларын қаржыландыру үшін заңсыз әрекеттермен айналысқаны анықталған 7 компания мен 8 жеке тұлғаға санкция салды.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі санкциялардың өткен айда құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген Солтүстік Кореяның қару-жарақ қаупінің артуына жауап ретінде салынғаны білдірілді.

Санкциялар шешімі Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қаржы министрлігі Солтүстік Кореяның билік басындағы Еңбек партиясының үш мүшесіне елдің ядролық және баллистикалық қаруды дамытуға қолдау көрсеткені үшін санкция салғанын жариялағаннан кейін қабылданды.

Оңтүстік Корея Чен Ши Хуан есімді Тайвань азаматы мен Квек Ки Сын есімді сингапурлық азаматқа, сондай-ақ Солтүстік Кореяда жұмыс істейтін 4 сауда және жүк тасымалдау компаниясына, Сингапурде орналасқан 3 жүк тасымалдау компаниясына және Солтүстік Кореяның 4 банкінің 6 басшысына санкция салды.

Вашингтон осыдан біраз бұрын осы 7 компания мен 8 адамға санкция салған болатын.

Оңтүстік Корея қазан айында Солтүстік Кореяның қару-жарақ жасауын қолдады деп айыпталған 15 адам мен 16 ұйымға да санкция салған еді.



Ұқсас жаңалықтар