Нигерияда кепілге алынған 14 адам құтқарылды

Замфара уәлаяты полициясы операция туралы мәлімдеме жасады.

1914097
Нигерияда кепілге алынған 14 адам құтқарылды

Нигерияның Замфара уәлаятында қарулы топтар тарапынан кепілге алынған 14 адам құтқарылды.

Замфара полициясының мәлімдемешісі Мұхаммад Шеху уәлаяттың Гиркау ауылында қарулы бандаларға қарсы операция жүргізілгенін мәлімдеді.

Шеху операция кезінде қарулы топтар 50 күн бұрын кепілге алған 14 адамның құтқарылғанын, денсаулықтарының жақсы екенін атап көрсетті.

Операцияда 6 қарулы топ мүшесінің залалсыздандырылғанын атап көрсеткен Шеху қарулы бандаларға тиесілі баспаналардың да қиратылғанын атап көрсетті.

Замфара уәлаяты 5 жылдан бері қарулы топ мүшелерінің шабуылдарымен бетпе-бет.

Замфара уәлаяты үкіметі артып жатқан қауіпсіздік мәселелері салдарынан ұсталған қарулы бандалардың өлім жазасына кесілетіні хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар