Ауғанстандағы бір медресеге бомбалы шабуыл жасалды

Медреседегі шабуылда кемінде 10 студент қаза тапты.

1912982
Ауғанстандағы бір медресеге бомбалы шабуыл жасалды

Ауғанстанның Саманган уәлаятындағы бір медреседе болған жарылыстан кемінде 10 студент қаза тапты.

Талибан уақытша үкіметі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такор баспасөзге берген мәлімдемесінде Саманган облысының орталық ауданы Айбектегі Жихадие медресесінде түскі намаз кезінде шабуыл жасалғанын білдірді.

Такор жарылыстан кемінде 10 студенттің қаза тапқанын және көптеген студенттің жарақат алғанын хабарлады.

Оқиға орнына жедел жәрдем топтары жіберілді. Жарылыс үшін жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар