Ресей мен АҚШ арасындағы "Жаңа СТАРТ" жиналысы кешікті

"Жаңа СТАРТ" бағдарламасының жүзеге асырылуы мен тексерілуіне қатысты 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Каирде өтуі жоспарланған бақылау жиналысының кейінге қалдырылғаны білдірілді.

1912315
Ресей мен АҚШ арасындағы "Жаңа СТАРТ" жиналысы кешікті

Ресей мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасындағы стратегиялық қаруларды қысқарту туралы жаңа келісімнің (Жаңа СТАРТ) бақылау жиналысы кейінге шегерілді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде АҚШ-пен 2010 жылы қол қойылған және 2011 жылы күшіне енген "Жаңа СТАРТ" бағдарламасының жүзеге асырылуы мен тексерілуіне қатысты 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мысыр астанасы Каирде өтуі жоспарланған бақылау жиналысының кейінге қалдырылғаны білдірілді.

Өткен жылы ұзартылған және 2026 жылға дейін атқарылатын келісім бойынша бақылау жиналысының неліктен кейінге шегерілгені айтылмады.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков осы айдың басында Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер "Жаңа СТАРТ" аясындағы тексерулерді қайта бастау мақсатында өтетінін айтқан еді.

Тамыз айында Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова АҚШ пен Ресей арасындағы келісім аясында тексерулерге қатысты бірқатар мәселелер шешілгенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар