Астық дәлізі арқылы 12 миллион тоннадан астам дәнді дақыл тасымалданды

Астық тиелген алғашқы кеме 1 тамыз күні Одесса портынан жолға шыққан еді.

1912397
Астық дәлізі арқылы 12 миллион тоннадан астам дәнді дақыл тасымалданды

24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы салдарынан «азық-түлік дағдарысы» қаупін жоюға бағытталған Түркияның талпыныстарымен құрылған "Қаратеңіз астық дәлізі" келісімімен бүгінге дейін 501 кемемен 12 миллион тоннадан астам дәнді дақыл тасымалданды.

Астық тиелген алғашқы кеме 1 тамыз күні Одесса портынан жолға шыққан еді.

Украина порттарынан 120 күндік жасалған келісім аясында шыққан алғаш кеме болу ерекшелігіне ие «Разони» атты Сьерра-Леоне жалаулы жүк кемесі 26 мың тонна жүгерімен Ливанның Триполи портына қарай бет алды.

Украина порттарынан кеше шыққан кемелердің саны 501-ге жетсе, жөнелтілген бидай, жүгері, арпа сияқты астық өнімдерінің көлемі 12 миллион тоннадан асты.

Украина порттарынан тиелген астықпен шығатын кемелердің 200-ден астамы тиісті порттарға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар