Ресей Еуроодақ елдеріндегі жұмыстарын азайтты

Мария Захарова: «ЕО елдеріндегі дипломатиялық болмыстарымыз ең төменгі дәрежеге дейін азайтылды» деді.

1911573
Ресей Еуроодақ елдеріндегі жұмыстарын азайтты

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Еуропалық Одақ (ЕО) елдеріндегі дипломатиялық болмыстарының ең төменгі дәрежеге дейін қысқарғанын мәлімдеді.

Мария Захарова Ресейдің әсіресе батыс елдерінің өздеріне салған санкцияларынан кейін қолға алған маңызды шаралары туралы ел астанасы Мәскеуде мәлімдеме жасады.

«Дос емес» мәртебедегі елдер туралы мәлімдеген Захарова:

«ЕО елдеріндегі дипломатиялық болмыстарымыз ең төменгі дәрежеге дейін азайтылды» деді.

Ресейдің Еуроодақтағы кейбір елдерде бір немесе екі дипломаты бар екенін және Ресей бұл елдердегі дипломатиялық жұмыстарын жалғастырғанын айтқан орыс мәлімдемеші:

«Өйткені ол жақта ресейлік азаматтар күн сайын өздерінің түрлі мәліметтері, туу туралы куәліктері және төлқұжаттарымен байлансты жұмыстар жасайды. Бұл дипломатиялық болмысты сақтау үшін емес, жасалуға тиісті қатыпты жұмыстар. Олар күн сайын жұмыс істеп жатыр» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасады.

Содан бері Ресей мен Батыс елдері арасындағы дағдарыстар да жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар