Қытайда карантинге қарсы ереуіл өткізілді

Қытайда  Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің орталығы Үрімжіде карантинге алынған пәтерде өрт шықты.

1911881
Қытайда карантинге қарсы ереуіл өткізілді

Қытайда  Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағының орталығы Үрімжіде карантинге алынған пәтердегі өрттен кейін жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті шараларына қарсы наразылықтар бүкіл елге таралуда.

Кеше кешкісін ел астанасы Бейжіңде өткен ереуілде шерушілер үкіметтің өртке қатысты ұстанымдарына наразылық білдірді.

Бейжің орталығындағы Чаоян ауданында түнде Лямао каналының екі жағына жиналған бірнеше жүз адамнан тұратын топтар Үрімжі өртінде қаза тапқандарды еске алды.

Өзен жағасына шам жағып, гүл шоқтарын қойған жұрт наразылық символына айналған бос ақ қағаздарды көтеріп, «біз карантинді қаламаймыз», «біз сынақты қаламаймыз» деп ұран салды.

Елде сирек кездесетін мұндай наразылықтар халықтың үкіметтің Ковид-19 саясатына қарсы екенінің бейнесі.



Ұқсас жаңалықтар