Украинаға шабуылдар жалғасуда

Игорь Конашенков Украинаның астанасы Киевтегі нысаналарға  шабуыл жасамағандарын алға тартты.

1910861
Украинаға шабуылдар жалғасуда

Ресей Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинаның әскери басқару және энергетика жүйелеріне алдыңғы күні алыс қашықтықтан жоғары дәлдіктегі қарумен шабуыл жасалғанын айтты.

Игорь Конашенков Ресей-Украина соғысындағы ресейлік әскери күштердің әрекеті туралы мәлімдеме жасады.

Украинаға қарсы зымырандық шабуыл жасағандарын айтқан Конашенков «Ресей Қарулы Күштері 23 қарашада  Украинаның әскери басқару жүйелеріне және осы жүйелерге қатысты энергетикалық инфрақұрылым элементтеріне әуеден, теңізден және құрлықтан алыс қашықтықтан жоғары дәлдіктегі қарулармен кең ауқымды шабуыл жасады» деді.

Конашенков шабуылдың мақсатына қол жеткізілгенін және барлық анықталған элементтердің соққыға ұшырағанын білдірді.

Игорь Конашенков Украинаның астанасы Киевтегі нысаналарға  шабуыл жасамағандарын алға тартты.

Украина күштерінің Купянск, Красный Лиман және Донецктің оңтүстігіндегі шабуылдарына тойтарыс берілгенін білдірген Конашенков мұндағы қақтығыстарда 120-дан астам украин әскерінің залалсыздандырылғанын және көп сандағы әскери техниканың жойылғанын алға тартты.

Ресей баспасөз хатшысы соңғы 24 сағатта Украина армиясына тиесілі 4 ұшқышсыз ұшу аппаратының атып түсірілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар