Ұлыбританияда ереуіл алаңдатып отыр

Теміржолшылар 8 күндік ереуілге шығуды жоспарлап отыр.

1911201
Ұлыбританияда ереуіл алаңдатып отыр

Британ үкіметі келесі айда жаппай ереуілге шығуды жоспарлап отырған теміржолшылар мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушілік қажет болғаннан ұзаққа созылып жатқанын айтты.

Үкімет  Ұлыбританияда теміржолшылар келесі айда және қаңтардың бірінші аптасында 8 күндік ереуілге шығуды жоспарлап отыр деп алаңдайды.

Ұлыбритания көлік министрі Марк Харпер британдық «BBC» телеарнасына осы тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасап, теміржолшылармен жалақыны көтеруге байланысты даудың қажеттен де көп созылғанын және қызметкерлердің жалақысын көбейтудің мүмкін еместігін айтты.

Кәсіподақтарға компаниялармен жұмыс істеуге көмектесуге келіскен министр Харпер: «Мен бұл процесте екі тарапты келісімге келуге ынталандыру, сондай-ақ ақпараттың еркін ағынын қамтамасыз ету арқылы процестің мүмкіндігінше жылдам өтуін қамтамасыз етуде  рөлім бар екенін мойындаймын» деді.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда шамамен 40 мың теміржолшы 13-14 желтоқсан, 16-17 желтоқсан, 3-4 қаңтар және 6-7 қаңтарда әрқайсысы 48 сағаттан 4 рет ереуілге шығуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар