Индонезиядағы зілзалада 310 кісі мерт болды

Джакартада бірнеше секундтық сілкіністерге себеп болған жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жасалмады.

1911178
Индонезиядағы зілзалада 310 кісі мерт болды

Индонезияның Батыс Ява уәлаятында 21 қарашада болған 5.6 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 310 адамға жетті.

Индонезия Ұлттық апатты басқару агенттігінен жасалған мәлімдемеде Циранджанг қаласының оңтүстік-батысында 18 шақырым жерде болған жер сілкінісінде 24 адамның із-түссіз жоғалып кеткені хабарланды.

Әкімшілік жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 310-ға жеткенін жариялады.

Америка Құрама Штаттарының Геологиялық зерттеу басқармасы Индонезияның Батыс Ява уәлаятындағы Циранджанг қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде болған 5.6 балдық жер сілкінісінің 10 шақырым тереңдікте тіркелгенін хабарлады.

Ел астанасы Джакартада бірнеше секундтық сілкіністерге себеп болған жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар