Қытайда өрттен 36 адам қаза тапты

2 адам жарақат алды, 2 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

1909276
Қытайда өрттен 36 адам қаза тапты

Қытайдың Хэнань провинциясындағы зауытта шыққан өртте алғашқы мәліметтер бойынша 36 адам қаза тапты.

Бейжіңдегі ресми ақпарат агенттігі «CGTN» Аньян қаласындағы химиялық заттар мен басқа да өнеркәсіп өнімдерін сататын компанияның зауытында өрт шыққанын хабарлады.

Агенттіктің  хабарлауынша, осы уақытқа дейін өрт салдарынан 36 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды, 2 адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Лауазым иелері өрттің бақылауға алынғанын білдірді.


Этикеттер: #зауыт , #өрт , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар