Шекара бекеті қайта ашылды

Шенеуніктер Ауғанстанның шабуылдаушыны Пәкістанға беретініне кепілдік бергенін айтты.

1908755
Шекара бекеті қайта ашылды

 13 қараша күні Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы Чаман шекарасындағы қақтығыста пәкістандық бір сарбаздың қазасына байланысты жабылған шекара бекеті қайтадан ашылды.

Пәкістан баспасөзіндегі хабарға қарағанда, шабуылдан кейін екі ел сарбаздары арасында жалғасып жатқан келіссөздерде ілгерілеушілік байқалды.

Шенеуніктер Ауғанстанның шабуылдаушыны Пәкістанға беретініне кепілдік бергенін айтты.

Пәкістан мен Ауғанстан қауіпсіздік күштері шекарада қол алысты. Шекара 8 күннен кейін жаяу жүргіншілер мен коммерциялық көліктер үшін қайта ашылды.

Пәкістан билігі 13 қарашада Ауғанстаннан атқылау салдарынан бір пәкістандық сарбаздың қаза тауып, екіншісінің жарақат алуына байланысты шекара бекетінің уақытша жабылғанын хабарлаған еді. Билік шабуылдаушы Пәкістанға берілгенше шекара өткелінің жабық болатынын мәлімдеген болатын.

Чаманда екі елдің шекаралық күштері арасында жиі қақтығыстар болып тұрады.

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасы 2670 шақырымды құрайды және екі ел арасында 18 шекаралық бекет бар.



Ұқсас жаңалықтар