Катар «2022 Әлем чемпионатына» шамамен 300 миллиард доллар жұмсады

Турнир аясында 7 жаңа футбол стадионына қоса метро, әуежай, ауруханалар, қонақ үйлер және сауда орталықтары салынды.

1908003
Катар «2022 Әлем чемпионатына» шамамен 300 миллиард доллар жұмсады

Катардың қонақжайлығымен 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат әлем чемпионаты болмақ.

Катар турнирді өткізу жолдамасын алған 12 жылда шамамен 300 миллиард доллар жұмсады.

Бас қала Доха Таяу Шығыста өткен алғаш Әлем чемпионаты бойынша 1 миллионнан астам футбол жанкүйерін қабылдау үшін салынған жаңа стадиондар және қонақүйлерімен үлкен өзгеріске ұшырады.

Турнирге дайындық аясында 7 жаңа футбол стадионы, стадиондарды біріктіру үшін метро қатынасы, әуежай, ауруханалар, қонақ үйлер мен сауда орталықтары салынды.

Катардың Әлем чемпионатын өткізуге жұмсаған сомасы шамамен 229 миллиард долларды құрады.

20 қараша жексенбі күні Катар-Эквадор матчымен басталатын «2022 Әлем чемпионаты» 200-ден астам елде жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар