Газадағы өртте 21 адам қаза тапты

Газаның солтүстігіндегі Жабалия босқындар лагеріндегі ғимаратта шыққан өртте 21 адам қаза тапты.

1907680
Газадағы өртте 21 адам қаза тапты

Газадағы Палестина Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Жабалия лагерінде бір ғимаратта өрт шыққаны айтылды.

Азаматтық қорғаныс басқармасынан жасалған мәлімдемеде өрт шыққан ғимаратта арасында әйелдер мен балалар да бар 21 адамның мәйіті табылғаны айтылды. Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеді.

Азаматтық қорғаныс топтарының өртті бақылауға алып, оның басқа ғимараттарға таралуының алдын алғаны атап өтілді.

Алғашқы анықтаулар бойынша өрттің ғимаратта сақталған бензиннен шыққаны айтылып, оқиғаға қатысты тергеудің жалғасқаны түсіндірілді.

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас жұма күні елде өрт апатынан кейін ұлттық аза тұту жариялады.

Енді бір жағынан Түркия Газадағы Джабали босқындар лагерінде болған өртте қаза тапқандар үшін көңіл айту хабарламасын жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған  мәлімдемеде «Газадағы Джабалия босқындар лагеріндегі ғимаратта 17 қарашаға қараған түні шыққан өрттің салдарынан балалар да бар көптеген адамның қаза тапқанын және жарақат алғанын үлкен қайғымен естідік. Қайтыс болғандарға Алланың рақымын тілейміз. Туыс-туғандары және бауырлас Палестина халқына, сондай-ақ  Палестина мемлекетіне көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар