"Gasum" Газпромға 300 миллион еуро төлейді

21 мамырда «Газпром» ресейлік газды тасымалдау үшін рубльмен қажетті төлем жасамағаны сылтауымен "Gasum" компаниясына газ беруді тоқтатқан болатын.

1907640
"Gasum" Газпромға 300 миллион еуро төлейді

Ресейлік «Газпром Экспорт» энергетикалық компаниясы Стокгольмдегі арбитраждық соттың Финляндияның "Gasum" табиғи газ компаниясының Газпромға 300 миллионнан астам еуроны төлеуге шешім қабылдағанын хабарлады.

Газпром Экспорт компаниясынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Стокгольм Сауда палатасы Арбитраж институтының Газпром Экспорт пен "Gasum" арасындағы табиғи газ саудасы туралы келіспеушілікке байланысты 14 қараша күні шешім қабылдағаны білдірілді.

"Gasum" табиғи газ компаниясының газ келісімдеріндегі «ал немесе төле» шарттарын орындамағанына шешім қабылданғанына назар аударылған мәлімдемеде компанияның осы себепті Газпромға 300 миллион еуродан астам ақша төлеуге шешім жасағаны жарияланды.

"Gasum" компаниясы 17 қарашада жасаған мәлімдемесінде арбитраждық соттың компанияның Газпромға газ тасымалдау қаржысын рубльмен төлеуге міндетті емес екені жөнінде шешім қабылдағанын ескерткен.

21 мамырда «Газпром» ресейлік газды тасымалдау үшін рубльмен қажетті төлем жасамағаны сылтауымен "Gasum" компаниясына газ беруді тоқтатқан болатын.

"Gasum" компаниясы да аталған шешімге байланысты Газпромға қарсы арбитраждық процесті бастады.



Ұқсас жаңалықтар