Бали аралында кеме өртенді

Индонезияның Бали аралында өртенген кемедегі жан шығыны мен зардап шеккендер туралы хабар берілмеді.

1907179
Бали аралында кеме өртенді

Индонезияның Бали аралында 271 адам мінген жолаушылар кемесі өртенді.

Карангасем жағажайынан 1.5 шақырым жердегі Бали бұғазында 236 жолаушы мен 35 экипажы бар «Мутиара Тимур I» жолаушылар кемесі өртенді.

Бали Іздестіру-құтқару бөлімінің басшысы Геде Дармада жасаған мәлімдемесінде көптеген құтқару қызметкері, теңіз күштері қызметкерлері және жергілікті балықшылардың 2 флот кемелерімен эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатқанын, әзірге жан шығыны мен зардап шеккендер туралы хабарланбағанын айтты.

Дармада кемедегі өрттің шығу себебі анықталып жатқанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар