Песков астық келісімін ұзарту жайлы мәлімдеме жасады

Дмитрий Песков астық келісімін ұзарту бойынша қарқынды жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

1907077
Песков астық келісімін ұзарту жайлы мәлімдеме жасады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков астық келісімін ұзарту бойынша қарқынды жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Песков ел астанасы Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде 19 қарашада аяқталатын астық келісімінің ұзартылуына байланысты келіссөздердің жалғасып жатқанын айтты.

Сарапшылардың тақырып бойынша қарқынды жұмыс істеп жатқанын түсіндірген Песков «Өздеріңіз білетіндей, біз негізінен Ресей өнімдерінің де экспортына қойылған шектеулерді алып тастайтын келісімдер туралы айтып отырмыз. Біріккен Ұлттар Ұйымымен сындарлы байланыстар жасап отырмыз» деген сөздер қолданды.

Келіссөздердің, соның ішінде Ресей өнімдерін де қамтыған шектеулердің шешілуін күтетіндерін атап көрсеткен Песков «Астық мәмілесін ұзарту бойынша оң өзгерістер бар, бірақ бұрынғы келісімдердің толық орындалуын қамтамасыз ету қажет» деді.

Баспасөз хатшысы Песков сондай-ақ 15 қарашада Польшаның Украинамен шекарасындағы Пржеводов ауылында зымыранның құлағанына және 2 адамның қаза тапқанына тоқталды.

Песков Америка Құрама Штаттарының оқиғаларға қатысты ұстамды көзқарасын оң бағалағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар