Палестина АҚШ-қа шақыру тастады

Палестина АҚШ-ты Иерусалимде «заңсыз тәркіленген» жерге елшілік салудан бас тартуға шақырды.

1906299
Палестина АҚШ-қа шақыру тастады

Палестина Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Иерусалимде елшілік салуды жоспарлаған жерінің Израиль тарапынан «заңсыз тәркіленген» аймақ екенін алға тартып, АҚШ-ты жоспардан бас тартуға шақырды.

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштие Палестина үкіметінің апта сайынғы кабинет отырысында сөз сөйледі.

Мұхаммед Иштие:

«Біз АҚШ әкімшілігінен Иерусалимде құрылатын елшілік кешені жоспарының күшін жоюды талап етеміз. Өйткені бұл кешен салынатын жер Израильдің 1950 жылғы "Белгісіз мүлік туралы заң" арқылы заңсыз тәркіленді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар