BioNTech Сингапурда база сатып алды

BioNTech-тің Сингапурдағы нысаны 2023 жылға дейін толық іске қосылып, 100 кісінің жұмысқа орналасуы жоспарлануда.

1906122
BioNTech Сингапурда база сатып алды

Неміс биотехнологиялық фирмасы BioNTech Азиядағы өзінің алғашқы өндірістік нысанын Сингапурдан сатып алғанын хабарлады.

BioNTech мәлімдемесінде Novartis швейцариялық еншілес кәсіпорнынан сатып алынған базаның  ықтимал "mRNA" негізіндегі вакциналарды Азия-Тынық мұхиты аймағында өндіруді қолдайтыны білдірілді.

Сатып алудың қаржылық мәліметтері ашық жарияланбады.

Неміс компаниясының Сингапурдағы нысаны 2023 жылға дейін толық іске қосылып, 100 кісінің жұмысқа орналасуы жоспарлануда.

7 қазанда BioNTech компаниясы Ковид-19 вакцинасынан кейін Австралияның Виктория қаласында зерттеу орталығы мен өндіріс орнын салу арқылы өзінің халықаралық өресін кеңейтетінін хабарлады.

7 қарашада BioNTech бейімделген вакциналарға сұраныс пен жоғары бағаларды алға тартып, Ковид-19 вакцинасының биылғы кірісін 13-17 миллиард еуродан 16-17 миллиард еуроға дейін көтерді.

Қаңтар-қыркүйек аралығында неміс компаниясы кірісін 13 миллиард еуро, таза пайдасын 7.2 миллиард еуро деп жариялады.



Ұқсас жаңалықтар