Иран "гипердыбыстық баллистикалық зымыран" өндірді

Иран жаңа "гипердыбыстық баллистикалық зымыран" жасап шығарғанын хабарлады.

1904784
Иран "гипердыбыстық баллистикалық зымыран" өндірді

Иран әуе қорғанысының озық жүйелерінен асып түсуге қабілетті жаңа "гипердыбыстық баллистикалық зымыран" жасап шығарды.

Иранның ресми ақпарат агенттігі "IRNA-ның" хабарлауы бойынша Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясы Әуе күштерінің қолбасшысы бригада генералы Әмір Әли Хаджизаде ел астанасы Тегеранда өткен іс-шарада елінің жаңа баллистикалық зымыран жетілдіргенін айтты.

Аталмыш баллистикалық зымыранның гипердыбыстық жылдамдыққа ие екенін айтқан Хажызаде оның дамыған әуе қорғаныс жүйелерін жеңе алатынын және атмосферада да, оның сыртында да құбылмалы қабілетке ие екенін алға тартты.

Ирандық қолбасшы бұл мәселеге қатысты қосымша мәлімет бермеді.

Дыбыс жылдамдығынан 5 есе жартық қозғалатын гипердыбыстық зымырандар осы ерекшеліктерге байланысты әуе қорғанысы жүйелері тарапынан тосылмайды.



Ұқсас жаңалықтар