Ресейден Украинаға келіссөздер туралы мәлімдеме

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова мәлімдеме жасады.

1904696
Ресейден Украинаға келіссөздер туралы мәлімдеме

Ресей Украинамен келіссөздерді «қазіргі шындықтар бағытында» жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова бас қала Мәскеуде апталық баспасөз мәслихатында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты мәлімдеме жасады.

Германияның «Ресейдің Украинамен келіссөзді жүргізуге дайын емес» деген мәлімдемелеріне тоқталған Мария Захарова бұл мәселедегі ұстанымдарының өзгермейтінін атап көрсетті.

Ресей Украинамен келіссөздерді «қазіргі шындықтар бағытында» жүргізуге білдірді.

Захарова Украинамен келіссөздерге ашық екендерін атап «Келіссөздерден ешқашан бас тартқан жоқпыз. Әрине, келіссөздерді қазіргі шындықтарды ескере отырып жүргізуге дайынбыз» деді.

Германияның Украинаға қару жіберуді жалғастырғанына назар аударған Захарова «Неміс тарапы Киев әкімшілігіне ықпал етуді пайдаланудың орнына, дағдарыс және қақтығысты аймақтарға қару-жарақ экспорттауға тыйым салатын өз заңдарына қарама-қайшы, Киев әкімшілігіне әртүрлі қару жүйелерін қамтамасыз етуді жалғастыруда» деді.

АҚШ-тың «Солтүстік Кореяның Ресейге Украинада қолдану үшін қару жібергені» жөніндегі мәлімдемелерін де бағалаған орыс мәлімдемеші «Бұл қауесеттердің нақты негіздемесі жоқ және болмайды. Өйткені американдық өкілдер жасаған мәлімдемелер басынан аяғына дейін өтірік» деді.

Захарова «АҚШ Солтүстік Кореяға санкция салу үшін сылтау жасап жатыр» деп уәж айтты.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар