Джо Байден келесі президенттікке ниетті

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін айтты.

1904644
Джо Байден келесі президенттікке ниетті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін айтты.

Джо Байден 8 қарашада өткен және әлі нәтижесі нақтыланбаған аралық сайлауға байланысты Ақ Үйде баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сайлауды «Америка демократиясы үшін жақсы күн» деп бағалаған Байден «қызыл толқынның» көпшілік күткендей келмегенін, республикашылдардың да нысаналарына жете алмағанын айтты.

Елдегі сайлау сауалнама нәтижелеріне қарағанда халықтың 75 пайызы елдің қазіргі жағдайына көңілі толмайтынын еске салған Байден міндетінің соңғы екі жылынданелерді өзгеше жасайтыны сұрағына «Ештеңені» деп жауап берді.

Байден 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысып-қатыспайтыны сұрағына «Менің бұл туралы ниетім бар» деп, келесі жылдың басында соңғы шешімді қабылдайтынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар