Еуропадағы ең жылы қазан айы

Рекордтық жоғары температура әсіресе Батыс Еуропада байқалды.

1903947
Еуропадағы ең жылы қазан айы

Еуропа құрлығындағы ең жылы өткен қазан айы 2022 жылы тіркелді.

Еуропалық Одақ (ЕО) «Copernicus Climate Change Service» ұйымы берген ақпаратқа сәйкес, биылғы қазан айында ауа райы 1991-2020 жылдардағы орташа температурадан шамамен 2 градусқа жылы болды.

Рекордтық жоғары температура әсіресе Батыс Еуропада байқалды. Австрияда, Швейцарияда, Францияда және Италия мен Испанияның басым бөлігінде температура рекордтық деңгейде тіркелді.

Қазан айындағы орташа көрсеткіштен төмен аймақтар тек кейбір грек аралдары мен Исландия болды. Балқан түбегі мен Грекияның кейбір бөліктерінде ауа температурасы орташа деңгейде сақталды. Еуропаның қалған бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден жоғары болды.

Дүние жүзінде 2022 жылдың қазан айы 1991-2020 жылдардағы орташа көрсеткіштен 0,41 градусқа жылы болды. Осы жылдың қазан айы 2019 жылмен салыстырғанда 0,04 градусқа ғана салқын болды.



Ұқсас жаңалықтар