Иранда ауаның ластануынан 1 жылда шамамен 21 мың адам қаза тапты

Денсаулық сақтау министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1903794
Иранда ауаның ластануынан 1 жылда шамамен 21 мың адам қаза тапты

Ирандағы ауаның ластануы 1 жылда шамамен 21 мың адамның өліміне себеп болды.

Иран Денсаулық сақтау министрлігі Ауа денсаулығы және климаттың өзгеруі бөлімінің басшысы дәрігер Аббас Шахсуни еліндегі ауаның ластануының 1 жылда 20 мың 800 адамның өліміне себеп болғанын білдірді.

Etemadonline ақпарат агенттігі парақшасының хабарлауынша Шахсуни Ирандағы ауа ластығынан туындаған мәселелер туралы ақпарат бөлісті.

Өткен жылы 27 қалада жүргізілген зерттеуде ауаның ластануына байланысты пайда болған ауру салдарынан 20 мың 800 адамның опат болғанын атап көрсеткен Шахсуни бұл санның бас қала Тегеранда 6 мың 400 екенін білдірді.

Өткен жылы бірдей себептермен көз жұмғандар саны ел көлемінде 41 мың 700, бас қалада 3 мың 751 адам деп жарияланған еді.

Тегеранның ауа ластануына қаланың ауа айналымына жарамсыздығы, халық санының тығыздығы, ескірген көліктер мен жиі қолданылатын мотоциклдердің зиянды газдарының себеп болғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар