Еуропада ыстық салдарынан 15 мың адам қаза тапты

Еуропада жазғы маусымда аптап ыстықтан кем дегенде 15 мың адам қаза тапты.

1903432
Еуропада ыстық салдарынан 15 мың адам қаза тапты

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық директоры Ханс Клюге Еуропадағы аптап ыстықтың статистикасымен бөлісті.

Клюге «Осы статистикаларға қарағанда 2022 жылы ыстық ауа райы салдарынан кем дегенде 15 мың адам қаза тапты» деді.

Испанияда аптап ыстықтың шамамен 4 мың адамның өліміне себеп болғанын атап көрсеткен Клюге Португалияда шамамен 1000, Англияда 3 мың 200, Германияда 4 мың 500 адамның дәл осындай себеппен қаза тапқанын атап өтті.

Клюге тиімді шаралар қабылданбаса, аптап ыстықтың алдағы жылдарда көбірек өлімге әкелетінін ескертті.



Ұқсас жаңалықтар