Нигериядағы этникалық топтар арасында қақтығыс

Нигерияның Риверс уәлаяты полициясы мәлімдеме жасады.

1903011
Нигериядағы этникалық топтар арасында қақтығыс

Нигерияның Риверс уәлаятында екі этникалық топтың қақтығысында 8 адам қаза тапты.

Риверс уәлаяты полициясының мәлімдемешісі Грейс Иринге-Коко жасаған мәлімдемеде уәлаятқа қарасты Ахоада қаласында "Эзе" мен "Ахоада" этникалық топтары арасында қақтығыс шыққанын білдірді.

Қақтығыстарда 8 адамның қаза тапқанын айтқан Иринге-Коко көптеген адамның жараланғанын мәлімдеді.

Иринге-Коко аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін және оқиға туралы тергеу басталғанын айтты.

Елдің оңтүстігіндегі уәлаяттарында әртүрлі топтар арасында табиғи ресурстарды бөлісе алмау салдарынан кейде қақтығыстар орын алады.



Ұқсас жаңалықтар