Болгариядағы өрт өршіп тұр

300 декар аумақты шарпыған өртті сөндіруге екі әскери тікұшақ қатысуда.

1903167
Болгариядағы өрт өршіп тұр

Болгарияның Ново-Село әскери базасындағы атыс полигонында 5 қарашада оқу-жаттығу кезінде тұтанған өрт әлі ауыздықталған жоқ.

Болгария Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде 300 декар аумақты шарпыған өртті сөндіруге екі әскери тікұшақтың қатысқаны айтылды.

Жоғарғы лауазым иелері өрт сөндірушілер мен әскери қызметкерлерді қамтитын сөндіру жұмыстарының қиындықпен жүргізілгенін атап өтті.

Өрттің полигон аймағындағы оқ-дәрі қоймасына қарай жылжып жатқаны және жолдан жарылғыш заттың табылу мүмкіндігі жұмысты қиындатқаны баса айтылды.

1962 жылы 144 шаршы шақырым аумақта құрылған Ново Село әскери базасында 2500-ге жуық сарбаз, негізінен американдықтар ротация бойынша дайындықтан өтеді.

НАТО-ға қарасты АҚШ сарбаздары да пайдаланған полигонда мақсаты жарияланбаған оқу-жаттығу кезінде 5 қараша күні  өрт шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар