Норвегия газы Польшаға ағыла бастады

1 қарашадан бастап Норвегия газы аталған құбыр желісі арқылы ағыла бастады және бұл Польшаның табиғи газ жүйесіне тікелей жалғанады.

1900742
Норвегия газы Польшаға ағыла бастады

Норвегияның табиғи газын Дания арқылы Польшаға тасымалдайтын «Балтық құбыры» табиғи газ құбыр желісінен газ ағыла бастады.

Данияның энергетикалық операторы «Энерджинет» тарапынан жасалған мәлімдемеде газ айдаудың бастау процесі «күрделі» деп сипатталды.

Норвегиядан Польшаға жылына 10 миллиард текше метр табиғи газ тасымалдайтын құбыр желісі 27 қыркүйекте ашылды.

Табиғи газ ағыны 1 қазанда басталғаны хабарланған, алайда бұл шешім «Энерджинет» тарапынан 3 рет кешіктірілді. Польша 1 қазаннан бастап жаңа құбыр желісін Еуропа газ жүйесі мен Солтүстік теңіздің Дания бөлігінен газ сатып алу үшін пайдаланды.

1 қарашадан бастап Норвегия газы аталған құбыр желісі арқылы ағыла бастады және бұл Польшаның табиғи газ жүйесіне тікелей жалғанады.



Ұқсас жаңалықтар