Кабулда жолға орналастырылған мина жарылып 7 адам жарақат алды

Кабул полициясының баспасөз хатшысы Халид Задран мәлімдеме жасады.

1901086
Кабулда жолға орналастырылған мина жарылып 7 адам жарақат алды

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда жолдың шетіне орналастырылған миналардың жарылуы салдарынан 8 адам жарақат алды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30 шамасында Кабулдың бесінші ауданындағы Сило даңғылына төселген миналар Ауылды қалпына келтіру және даму министрлігінің қызметкерлері мінген көлік өтіп бара жатқанда жарылды.

Кабул полициясының баспасөз хатшысы Халид Задран «Көлікте болған жарылыс салдарынан сегіз адам жараланды» деді.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, шабуылдың жауапкерлігін ешкім мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар