"Украинаны жаулап алуға Ресейдің күші жетпейді"

Зеленский Ресейдің Украинаның әртүрлі аймақтарындағы энергиялық инфрақұрылымдарды нысанаға алғанын білдірді.

1900457
"Украинаны жаулап алуға Ресейдің күші жетпейді"

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясының Украинаны жаулап алуға күші жетпейтінін айтты.

Зеленский түнде Telegram-да жариялаған бейне жазбасында 24 ақпаннан бері елінде Ресейге қарсы жалғасып жатқан соғысқа қатысты сөз сөйледі.

Ресей күштерінің кеше таңертең Украинаның әртүрлі аймақтарына зымырандық шабуыл жасағанын атап өткен Зеленский «террористтердің» ірі шабуыл үшін 55 қанатты зымыран қолданып, оның 45-і жойылғанын айтты.

Зеленский Ресейдің Украинаның әртүрлі аймақтарындағы энергиялық инфрақұрылымдарды нысанаға алғанын білдірді.

«Біз энергия және сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар