Ливанда тырысқақ асқынды

Франция Ливанға вакцина берді.

1900073
Ливанда тырысқақ асқынды

Ливанда тырысқақтан көз жұмғандар саны 17-ге жетті.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі елде алғаш рет 6 қазанда байқалған және солтүстік аймақтарда тараған тырысқақ ауруы туралы жаңа деректерді бөлісті.

Министрліктің сайтында жасалған мәлімдемеде тырысқақтан тағы 3 адамның қайтыс болғаны және 38 жаңа деректің анықталғаны айтылды.

Мәлімдемеде елде тырысқақтан қаза тапқандардың жалпы саны 17-ге, ауру санының 1447-ге жеткені атап өтілді.

Екінші жағынан Франция Ливанға тырысқаққа қарсы 14 мыңға жуық вакцина берді.

Ливан Денсаулық сақтау министрі Фирас Абяд пен Францияның Ливандағы өкілетті елшісі Анн Грилло бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Елші Грилло Ливанға тырысқаққа қарсы 13 440 вакцинаны сыйға тартқандарын айтып, вакциналардың таратылуының министрлік және басқа да тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жүзеге асырылатынын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Абяд Францияға вакцина үшін алғыс айтып, енді індетпен тиімдірек күресетіндерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар