Иран ядролық зерттеу реакторының құрылысын бастады

Исфахандағы ядролық зерттеу реакторының құрылысы Иранның Атом Энергиясы агенттігінің төрағасы Мұхаммад Исламидің қатысуымен өткен рәсіммен басталды.

1898542
Иран ядролық зерттеу реакторының құрылысын бастады

Иран Исфахан уәлаятында қуаты 10 мегаваттық жаңа ядролық зерттеу реакторының құрылысын бастады.

Иранның ресми агенттігі ИРНА-ның хабарлауынша Исфахандағы ядролық зерттеу реакторының құрылысы Иранның Атом Энергиясы агенттігінің төрағасы Мұхаммад Исламидің қатысуымен өткен рәсіммен басталды.

20 пайыз байытылған ядролық отынды пайдаланатын 10 мегаваттық бассейн тәрізді реактордың ядролық отынды сынау, медициналық және өнеркәсіптік радиоизотоптарды өндіру, нейтрондық сәулелерді зерттеу мен қолдануды дамыту үшін пайдаланылатыны хабарланды.

Ядролық зерттеу реакторы елдегі ең ірі ядролық нысандардың бірі Исфахан Ядролық Технологиялар орталығының ішінде орналасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар