Пашинян Путин және Әлиевпен Сочиде кездеседі

Пашинян 31 қазан күні Ресейдің Сочи қаласында Путин және Әлиевпен үш жақты кездесу өткізетіндерін хабарлады.

1898179
Пашинян Путин және Әлиевпен Сочиде кездеседі

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сочиде Ресей президенті Владимир Путин және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесетінін хабарлады.

Пашинян Армения Парламентінде сөйлеген сөзінде 31 қазан күні Ресейдің Сочи қаласында Путин және Әлиевпен үш жақты кездесу өткізетіндерін мәлімдеді.

Жыл соңына дейін Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюдан үмітті екенін білдірген Пашинян келісімге қол қойылғанға дейін Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны анықтау процесін аяқтау үшін жұмыс істеп жатқандарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар