Украина Еуропаның қауіпсіздігін қорғау үшін соғысуда

Зеленский елінің Еуропаның қауіпсіздігін қорғау үшін Ресейге қарсы соғысып жатқанын айтты.

1897700
Украина Еуропаның қауіпсіздігін қорғау үшін соғысуда

Украина президенті Владимир Зеленский елінің Еуропаның қауіпсіздігін қорғау үшін Ресейге қарсы соғысып жатқанын айтты.

Зеленский видеобайланыс арқылы Германияның астанасы Берлинде өткен Украинаны қалпына келтіру конференциясына қатысты.

Владимир Зеленский «Мыңдаған үйлер, мектептер, көшелер, вокзалдар мен атом электр станциялары өртеніп, қирады. Сондықтан Украинаға инвестиция ЕО-ның болашақ еліне салынған инвестиция болып табылады. Еуропаны тек Украинамен бірге қарастыруға болады. Украина Еуропаның қауіпсіздігін қорғау үшін Ресейге қарсы соғысуда» деп көрсетті.

Зеленский Ресейдің зымырандары мен Иранның ұшқышсыз әуе аппраттарының елінің энергетика секторының «үштен бірінен астамын» жойғанын айтты.

Зеленский ауруханаларды, мектептерді, көлік жолдарын және басқа да маңызды инфрақұрылымдық инвестицияларды шұғыл түрде салу керектігін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар