Буркина-Фасода террор шабуылы

Шабуылда 10 сарбаз қаза тауып, кемінде 50 әскер жараланды.

1897439
Буркина-Фасода террор шабуылы

Буркина-Фасодағы әскери базаға жасалған лаңкестік шабуылда 10 сарбаз қаза тауып, кемінде 50 әскер жараланды.

Бас штабтан жасалған мәлімдемеде Соум қаласына қарасты Джибо ауданында орналасқан әскери базаға лаңкестік шабуыл жасалғаны айтылды.

Мәлімдемеде 10 сарбаздың қаза тапқаны және кемінде 50 әскердің жараланғаны білдірілді.

Аймақта жалғасып жатқан қақтығыстарда кемінде 18 террористің залалсыздандырылғаны хабарланды.

Буркина-Фасода армия қауіпсіздік себепті 30 қыркүйек күніне дейін билікті басып алған еді.

Көрші Малидегі «Әл-Қаида» террор ұйымы және ДАИШ-пен байланысты лаңкестік топтар 2015 жылдан бері Буркина-Фасоның солтүстігі мен шығысында жиі шабуылдар жасап келеді.

Үкімет деректеріне қарағанда 2015 жылдан желтоқсан айына дейінгі аралықта жасалған шабуылдарда араларында 600 қауіпсіздік қызметкері, барлығы 2000 адам оның қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар