Болгарияда құс тұмауы

Елдің оңтүстігіндегі Криво Поле ауылында құс тұмауы анықталды.

1897085
Болгарияда құс тұмауы

Болгарияның оңтүстігіндегі тауық фермасында анықталған құс тұмауы салдарынан 19 мың тауық жойылады.

Елдің оңтүстігіндегі Криво Поле ауылында құс тұмауы анықталды.

Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты органдар құс өсірумен айналысатын фермада құс тұмауы салдарынан 19 мың тауықтың жойылатынын білдірді.  

Лауазым иелері соңғы 3 жылда осы фермада құс тұмауының үш рет шығып отырғанын атап көрсетті.

Қүс тұмауының адамға жұғу ықтималдығы төмен екені белгілі.



Ұқсас жаңалықтар