Ресейде Су-30 ұшағы құлады

Ресейдің Иркутск қаласында сынақ ұшуы кезінде Су-30 типті жойғыш ұшағы тұрғын үйге құлауы салдарынан 2 кісі қаза тапты.

1896481
Ресейде Су-30 ұшағы құлады

Ресейдің Иркутск қаласында сынақ ұшуы кезінде Су-30 типті жойғыш ұшағы тұрғын үйлердің біріне құлап, екі адам қаза тапты.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдемесінде Су-30 типті жойғыш ұшағы сынақ ұшуы кезінде Иркутск қаласындағы тұрғын үйдің үстіне құлағаны білдірілді.

Оқиға орнында 200 шаршы метр аумақта өрт шыққаны және аймаққа өрт сөндірушілер жөнелтілгені хабарланды.

Апат салдарынан екі ұшқыш қаза тапты, ұшақтың құлау себебі әлі белгісіз.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Ресейдің Йейск қаласында 17 қазанда оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-34 типті жойғыш ұшағы тұрғын үйлерге құлап, 15 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар