Украина «Шахед-136» атты Иран ұшағын атқанын хабарлады

«Шахид-136» камикадзе ұшағының 13 қыркүйек күні Украинаның шығысындағы Купянск аймағында атып түсірілгені білдірілді.

1894925
Украина «Шахед-136» атты Иран ұшағын атқанын хабарлады

Украина армиясы 13 қыркүйектен бері ел көлемінде Ресейге берілгені айтылған 223 «Шахед-136» атты Иранда жасалған камикадзе ұшқышсыз әуе көлігінің атып түсірілгенін хабарлады.

Украина Әуе Күштерінен жасалған мәлімдемеде Ресей күштері соғыста пайдаланғаны мәлімделген алғашқы «Шахид-136» камикадзе ұшағын 13 қыркүйек күні Украинаның шығысындағы Купянск аймағында атып түсірілгені білдірілді.

Мәлімдемеде 13 қыркүйектен бері ел көлемінде 223 «Шахед-136» камикадзе ұшқышсыз әуе көлігінің залалсыздандырылғаны жарияланды.

Украина өткен айда Тегеран әкімшілігінің «Ресейге қару-жарақ жеткізгені»  сылтауымен Иранның Украинадағы елшісі Манучехр Мурадидің аккредитациясын алып тастауға және елшіліктегі дипломаттардың санын айтарлықтай қысқартуға шешім қабылдады.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба президент Владимир Зеленскийге Ресейге қару-жарақ жеткізді деген сылтаумен Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуді ұсынғаны хабарланды.

Иран әкімшілігі болса Ресейге камикадзе ұшқышсыз әуе көліктерін берді деген пайымдауды жоққа шығарды.



Ұқсас жаңалықтар