Киевте кем дегенде 4 бөлек жарылыс болды

Билік шабуылдардың камикадзе ұшқышсыз ұшатын аппараттарымен жасалғанын хабарлады.

1893555
Киевте кем дегенде 4 бөлек жарылыс болды

Украина астанасы Киевте кем дегенде 4 бөлек жарылыс болды.

Билік шабуылдардың камикадзе ұшқышсыз ұшатын аппараттарымен жасалғанын хабарлады.

Киев мэрі Виталий Кличко әлеуметтік желідегі парақшасында елорданың Шевченск ауданында 4 бөлек жарылыс болғанын айтты. Ол шабуылда қолданылған камикадзе ұшқышсыз ұшақтарының қалған бөліктерінің суреттерін жариялады, бірақ  зардап шеккендердің бар-жоғын түсіндірмеді.

Шабуыл барысында Киев қаласының орталығындағы бір ғимаратқа зиян келді.

Аймақтағы қауіпсіздік күштері камикадзе ұшағын залалсыздандыру үшін аспанға оқ жаудырды. Атыстан кейін ауданда екі жарылыс даусы естілді.



Ұқсас жаңалықтар